“Файлдармен жұмыс. Практикум” тақырыбында ашық сабақ 7 “ә” сыныбы
“Ғылым мен технологияның үндестігі” атты МИФ бірлестігінің онкүндігі аясында 7 “ә” сыныбына “Файлдармен жұмыс. Практикум” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Бұл сабақтың мақсаты – оқушыларды ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға үйрету, файлдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Сабақ барысында оқушыларға файлдарды сақтау, көшіру, жылжыту, жою және файлдардың түрлерімен танысу туралы теориялық білім берілді.Пән мұғалімі Байгульжина Ж.М.