10 «А» сыныбында алғашқы ата-аналар жиналысы
2025–2026 оқу жылының басталуына орай 11 қыркүйек күні 10 «А» сыныбында алғашқы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында сынып жетекшісі Арипбекова Ардак Чариповна оқу жылына арналған жоспармен таныстырып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық барысы талқыланып, пәндерді таңдау мен жеке оқу стратегиялары жайында ата-аналарға кеңес берілді. Ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, оқушыларды қолдау бойынша ұсыныстар жиналды.