Материалы за 21.10.2025 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құттықтаймыз !
21
октябрь
2025
Құттықтаймыз !
9 Ә  сынып оқушысы Исаев Ералы   Алтыншы республикалық қазақ ұлттық аспаптар мен дәстүрлі ән , жыр- терме  арасында  Астана қаласында өткен "DARYN" балалар мен жасөспірімдер байқауында домбыра ойнаудан 2 орын ,қыл қобыздан Гран- при және супер гран- при ақшалай сыйлық иеленді  Құттықтаймыз !
Құттықтаймыз! 🎉
21
октябрь
2025
Құттықтаймыз! 🎉
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Омарханов Ерали қалалық деңгейде өткен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында ерекше білім мен өнер көрсетіп, өз білімінің жоғары деңгейін дәлелдеді.  Зейінді де ізденімпаз оқушы Ерали байқаудың барлық кезеңдерінде логикалық ойлау қабілетін, жылдам шешім қабылдау икемін және жан-жақты білімін таныта білді. Оның талпынысы мен табандылығы нәтижесінде ол облыстық кезеңге жолдама алды.  Мектеп ұжымы мен ұстаздары
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21
октябрь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңінде мектебіміздің 7-сынып оқушылары Кәдірғали  Аяла,Силамгазинова Аружан орыс тілі мен әдебиеті секциясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі – орыс тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жумагулова Дамира Мадриковна.