23
май
2022
"Мектеп жұлдыздары" атты дарынды оқушыларды ұлықтау салтанаты
Биылғы жыл біздің мектебіміз үшін ерекше жыл, себебі қара шаңырақ білім ордасына 100 жыл толып отыр. Бір ғасырлық тарихы бар мектепте талай ұлағатты ұстаздар жемісті еңбек етіп, шәкірт тәрбиеледі. Мектеп оқушылары өздерінің білімділігімен дарындылығымен қала, облыс, республика, халықаралық дәрежеде жетістіктерге жетті. Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты да ғылым, білім, өнер,спорт әлеміне бой алдырған жас жұлдыздарымызды үлгі ету. 
