21
октябрь
2022
«Ш.Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты» атты бірыңғай күн
Белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Шерхан Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты» атты бірыңғай күн жоспарланған. Аталмыш іс-шара аясында 10-сынып оқушылары «Бесеудің хаты» драмасын талдап, тарихи құндылығын анықтады. Туындының шығу тарихына байланысты бейнероликтер көріп, мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Шығарманың жазылуына түрткі болған жағдайды тарихпен байланыстырып, өз ойларын да ортаға салды. Азаттықтың қандай жолмен келгенін ұғындырған сүбелі туындыны білім алушылар өте жақсы талдады.
