04
ноябрь
2022
Қазақ мектептерінде әдебиетті оқыту әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер -ұстаз" атты өңіралық педагогикалық оқу
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Шығыс" өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 4 қараша күні Өскемен қаласында "Ұлт мақтанышына айналған Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева - қазақ мектептерінде әдебиетті оқыту әдістемесі мен жаңа технологиясын қалыптастырған әдіскер -ұстаз" атты өңіралық педагогикалық оқу өтті. Аталмыш педагогикалық оқуда мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Данагүл Темірғалиева " Қанипа Бітібаеваның әдістерін О.Бөкейдің "Атау кере" повесін оқытуда қолдану" тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Педагогикалық оқуға Алматы, Астана қалалары мен Жетісу, Павлодар облыстарынан да мұғалімдер қатысты. Данагүл Оралбайқызы бөліскен тәжірибесі үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.
