14
март
2023
14 наурыз – дәстүрлі көрісу күні
Мектебімізде 14 наурыз – дәстүрлі көрісу күні кең көлемде аталып өтті. 14 наурызды «Көрісу (қауышу) күні» (Амал) деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары іштей қамданып, жаңа жыл келіп жеткендей, жасына жас қосылғандай бір-біріне кезіккенде «Бір жасқа шығуыңмен», «Жасың құтты болсын!», деп ұстаздар, оқушылар бір-бірін құттықтап мәре-сәре болды. Сондықтан да шығар, мектебімізде оқушылар үшін «Бір жасыңмен!», «Қайырлы жас болсын!» деп тілек айту – сол 14 Наурыз күні игі дәстүрге айналған.