11
апрель
2023
"Екі жұлдыз" атты бала және ата-анасы қатысқан өнер байқауы
N16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте Дене шынықтыру,АӘД және музыка пән бірлестігінің апталығында "Екі жұлдыз" атты бала және әке немесе анасы қатысқан өнер байқауы өтті. Мақсаты: Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып,музыкалық-эстетикалық тәрбиесі мен білімін,өнерін тереңдету жолында ата-анасымен бірге жұмыс жүргізу. Байқау шарты бойынша отбасы құндылығына арналған жанды дауыстап ән шырқау. Байқауда 1-4 сыныптар арасында 14 жұп өнер көрсетті . Нәтижесінде: ГРАН ПРИ Ақпаров Ернұр, Қадыртай Нұрдәулет, І орын Ерсінұлы Алим,Ботабаев Ерсін, І орын Төлеуханова Ұлжан, Шарипов Жанболат, ІІ орын Тоқанова Мария, Қайламбек Ақжайық, ІІ орын Нұрсерік Айару, Мубарак Амангелді, ІІІ орын Шалқар Інжу, Нұртазина Раушан, ІІІ орын Архатова Мадина, Архатова Айша иеленді. Өнер байқауына қатысқан барлық жұптарға түрлі номинациялар беріліп, мектеп директоры А.У.Сатаева мақтау қағаздарымен марапаттады. Құттықтаймыз!
