Ұшқан ұя - алтын мектебім❤️ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұшқан ұя - алтын мектебім❤️
05
май
2023

Ұшқан ұя - алтын мектебім❤️

Менің мектеп бітіргеніме 14 жыл өтсе де, мектебіммен байланысым ешқашан ажыраған емес. Білім берген ұстаздарымнан бөлек, кітапханашы, еден жуушыларды, зав.хоз, медбикені де өте жақсы танимын. Олардың аты-жөндерін, түрлерін ұмытқан емеспін. Математик Төлеубай Ыдырысұлы Аманов атындағы мектептің 100 жылдық тарихы бар. Әрі Семейде ашылған алғашқы қазақ орта мектептерінің бірі. Бұл білім ордасында мен 11 жыл бойы білім алдым. 2009 жылы ҰБТ-да қаладағы ең жоғары ұпайды жинап, “алтын белгі” иегері атанып, мектеп атын Республика көлемінде асқақтатқаным жасырын емес. Білім берген ұстаздарыма мың алғыс айтамын, әрқашан мақтанып жүремін. Бүгін мектебімнің оқушыларына лекция оқып, олармен жылы жүздесу өткіздім. 10 жылдықта сыныптастар болып, марқұм Тұрсынай Әшірбайқызына (бізге қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен сабақ берген) арнайы кабинет ашып, жөндеу жұмыстарын жасап бердік. 2017 жылдан бері мен өз атымнан үлгілі, озат оқушыларға жасырын түрде шәкіртақы беріп келдім. Тек 2020 жылы директор “олай болмайды, атаулы шәкіртақы болсын, өзгелерге үлгі болсын” деген соң барып келіскен едім. Осылайша, дәстүрге айналған шәкіртақы биыл тағы да өз жалғасын табады. Бұл оқушыларға бірінші кезекте үлкен мотивация деп білемін. Білімге құштар ұрпақ қатары көбейсін. Ұстазын ұлықтаған ұлт қатарынан болайық. Ps: Баласының қандай дәрежесі болса да, ата-ана үшін бала - бала болып қала береді. Сол секілді өз ұстаздарыма олар үшін бірінші кезекте оқушымын. Ыстық ықыластарыңызға мың алғыс.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив