05
сентябрь
2023
«М. Жұмабаев- заманның заңғар тұлғасы» мектебімізде жалпы қазақстандық ашық диктант
2023 жылғы 5 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаевтің 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев- заманның заңғар тұлғасы» тақырыбымен мектебімізде жалпы қазақстандық ашық диктант өткізілді. 5-ші қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Атаулы күннің аясында күллі ел көлемінде бір уақытта қазақ тілінде диктант жазылды. Барлық тілек білдірушілер өз білімдерін тексере алды.
"Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы" диктанты ұлы ақынның әдеби мұрасын оқуға, сақтауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, эстетикалық талғамын арттыруға бағытталған. Диктант қатысушылары жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты. Диктант қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгеру және мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру деңгейі айқындалды.
