10
апрель
2024
САПТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
Бүгін №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Дене шынықтыру, алғашқы әскери даярлық және музыка апталығы барысында, 10 а,ә,б сыныптары арасында апталық жоспарға сәйкес әскери саптық байқау мен әскерилендірілген эстафеталық жарыс өтті.
Оқушылар әскери үлгіде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік туына сап түзеп, мемлекттік әнұран шырқалды. Саптық байқаудың мақсаты - ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының саптық жарғысындағы талаптарды оқушылардың АӘТД пәнінен саптық даярлык бағдарламасын игеру сапасын анықтау негізінде жүргізілді. Құттықтау сөз алған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Негмеджанова Гүлбаршын Кәрімқызы, Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих, Егемен еліміздің ертеңі, текті, намысты ұрпақ екенін айтып саптық байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
1-2-3 взвод командирлері АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы запастағы капитан Е. Чурчитбаевқа саптық байқауға дайын екендігін баяндап, орынында тұрып немесе қозғалыста, бөлімше, взвод құрамында сапта тұрып немесе жеке тұрғанда орындалатын саптық қимылдарды, әнмен өтуді практика жүзінде көрсетті.
Қазылар алқасы шешімімен саптық байқауға қатысушыларды қортындылай келе, жеңімпаздар анықталып, I- орынды 10 «б» сыныбы, II-орынды 10 «ә» сыныбы, III-орынды 10 «а» сыныбы иеленді. Әскерилендірілген эстафеталық жарыс өте тартысты өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: Е. Чурчитбаев
