ReadX жобасы «Кітап-асыл қазына» » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ReadX жобасы «Кітап-асыл қазына»
29
март
2019

ReadX жобасы «Кітап-асыл қазына»

Күні: 04.03.2019жМұғалімнің аты-жөні: А.М.Д.
Сынып:7,8,9  Қатысқандар саны: 40
Жобаның тақырыбы: Read X жобасы «Кітап-асыл қазына»
Өту түрі: Жарнама
Жобаның  мақсатыКөркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін меңгеру және рухани мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету.   
Кітаптан алған білім арқылы әлемді тануға болатыны ұғындыру. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.  Танымы жоғары, бiлiмі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениеттi қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру.
Күтілетін нәтижеОқушылардың сабақтан тыс уақытта көркем шығарма оқуға қызығушылығы артады; оқыған көркем туынды арқылы оқушы бойында рухани құндылығы қалыптасады сана сезімі жетіліп, жақсыны үйренеді, жаманнан жиренеді.
Кітап оқу арқылы ой түйіп,оқиғаға көзқарасын білдіре алады, кейіпкерлер ісіне баға береді, өзіндік пікірі қалыптасады, жағдайға сыни тұрғыдан қарай алады, өмірге бейімделеді.
Жобаның өтілу барысы                                                                  Ресурстар
Жобаның басыКітап оқудың пайдасы неде? /Көрермендер жауабы/
«Таңшолпан» бағдарламасынан «Кітап оқудың пайдасы» тақырыбындағы бейнебаян көрсетіледі.
Кітап көрмесі
Бейнебаян
Жобаның ортасыОртаға 7-9 сыныптың кітапсүйер спикерлері шақырылады.
    
  1. 8 «А» сынып оқушысы Е.Т - О.Бөкей «Мұзтау».
  2. 7«А» сынып оқушысы А.А - С.Шаймерденов «Алтын сағат».
  3.  9 «Ә»     сынып оқушысы  Қ.Ә - Ә. Кекілбаев «Бәсеке».
  4. 7«А» сынып оқушысы С.Л - Ә.Кекілбаев «Шыңырау».
7-9 сынып оқушылары оқырман көрермендерге өздерінің оқып жүрген шығармаларын жарнама жасау арқылы ой бөлісіп, кітап бұрышын түсіндіреді,  көрермен оқушылар оларға сұрақ қоя отырып,  өздерінің ұсыныс, пікірлерін білдіреді.
С.Шаймерденов «Алтын сағат»,
О.Бөкей «Мұзтау»,
Ә. Кекілбаев «Бәсеке»,
Ә.Кекілбаев «Шыңырау».
 
 
Су    Сағат
Жобаның аяғыКері байланыс
Төрт спикердің жарнамалаған шығармаларын оқимын деген оқырмандар өз ойымен бөліседі.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
«ReadX» жобасының шартты белгісі
  
РефлексияБүгін оқушылар не білді?
Read  X жобасы «Кітап-асыл қазына» О. Бөкейдің «Мұзтау», С.Шаймарденов «Алтын сағат», Ә.Кекілбаев «Бәсеке», «Шыңырау» шығармалары туралы білді. Көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтары артқаны байқалды.
Мен үшін табысты болған екі нәрсе не?
  1. Кітаптан алған білім арқылы әлемді тануға болатынын ұғынды.
  2. Кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беруде өзіндік пікірлері қалыптасты.

Қорытынды бағамдауОқушылардың оқыған көркем шығармаларын «жарнамалау» әдістерін жетілдіру. Болашақта көркем шығармаларды оқуға ұсыну барысында, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Себебі, жобаның басында Ә.Кекілбаевтың бірнеше шығармаларын оқуға ұсынылғанда, оқушылар шығарманың мазмұнын түсініп, баяндап беруде қиындықтар туындағандықтан автордың «Бәсеке», «Шыңырау» шығармалары ғана таңдалып алынды. Болашақта осы жарнамаланған 4 шығарманың қайсысын жақын арада оқисын деген сұраққа оқырмандардың 81% С.Шаймерденовтың «Алтын сағат» әңгімесін атады.