01
ноябрь
2024
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы: үштік одақ жұмысын нығайтудың негізгі тірегі”инфографика челленджі
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы: үштік одақ жұмысын нығайтудың негізгі тірегі” тақырыбында инфографика челленджі. Челлендж мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен бересін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу. Жақсылыққа, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдікті ұстануға баулу және құқықтық мәдениетін бойына қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Арипбекова Ардак Чариповна.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей#АПҚО_Абай_облысы_Семей
