“Мұхаммед Хайдар Дулати-қазақ тарихының жарқын жұлдызы” тарих сабағы
Мектебімізде тарих пәнінен «Мұхаммед Хайдар Дулати – қазақ тарихының жарқын жұлдызы» атты бірыңғай сабақ өтті. Бұл сабақтың мақсаты – оқушыларға Мұхаммед Хайдар Дулати тұлғасын таныстыру, оның қазақ тарихындағы орнын және еңбектерін тереңірек түсіндіру болды. 6 "А" сыныбында тарих пәні мұғалімі Әділбекова Жансая Ерболқызы оқушыларға Дулати мұрасының қазақ тарихына қосқан үлесін әсерлі баяндап, оның еңбектері арқылы сол заманның саяси және мәдени өмірін танытты. Сабақ барысында оқушылар Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі мен оның қазақ хандығының тарихындағы маңызы туралы мәліметтермен танысты. Осындай сабақтар арқылы оқушылардың ұлттық сана-сезімі мен тарихи танымы тереңдей түседі.