29
март
2019
Сыр-сұхбат: «Ең сұлу адам,ол менің анам»

Мақсаты: Ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру. Күтілетін нәтиже:
Ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың қамқоршысы ана екенін түсінеді, бір-біріне деген сезім нығайады
Идеясы: «Ананы қадірлеу - әр адамның борышы!»
Әдісі: Әңгімелесу - пікір алмасу, ойын арқылы сұрақ-жауап, ситуациялық сұрақтар шешу,шығармашылық жұмыс, кері байланыс, бағалау
Ресурстары: Интербелсенді тақта, сызбалар, ватман, А4 қағаздары, маркер, ойын элементтері, жағдаяттар видеороликтер, суреттер, букет, түрлі түсті шарлар, слайд.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды орналастыру.
БЕЙНЕРОЛИК. «Ең сұлу адам, ол- менің Анам»
Анель , Айдана аналарға арналған өлең жолдарын оқыды.
Анель: - Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Айсана: - Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай сыныптың ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ең сұлу адам,ол менің анам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Сынып оқушылары аналарына арнап өлеңдерін оқыды.
Анель : Ендеше, осында отырған барлық аналарға құрметпен бас иеміз! (бейнеролик) (Барлығы экранға бұрылады)
- Құрметті осы залда отырған қонақтар бәріміз бірге абзал аналардың құрметіне «Анашым » әнін бірге шырқайық.
Ән: «Апатайым- анашым»
МОНОЛОГ. (музыка)
Ұлықбек Алиакбарұлы: "Сенің жалғыз ғана "Анаң" бар".
Оқушылар аналарға арнап өлеңдер оқыды.
С.:Жағдаяттан шығу.Тосын сый. Ата - аналарға арналған. «Стилист» (ойын)
Қ.: «Бір- біріңізді жақсы танисыз ба?.( ойын )
(Шармен шығу) «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» «Мың алғыс саған Анашым»
А.: Аяулы аналар! Сынып оқушыларының өз қолынан дайындаған гүл шоқтарын қабыл алыныздар!
А.: Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Ең сұлу адам,ол менің анам» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Рефлексия. Кері байланыс:
1. Балаңыздың бүгінгі сіздерге арналған мерекелік құттықтауына баға беріп, тілектеріңізді білдірсеңіздер.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Құрметті аналар, ұстаздар бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты балаларыңыздың сіздерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлау және алғыс сезімдерін білдіру еді. Барлығын ерекше махаббатпен дайындап, сіздерді қуантуға асықты.
Баланың бақытты болып өсуі ол ата-анасының тәрбиесін, ортасына байланысты. Балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты дей отырып,
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым! — Осымен 8-наурыз мейрамына арналған шағын тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыт бөліп, келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Мерекелеріңізбен!
9 «В» сыныбының сынып жетекшісі: А.Ж.А. «Ең сұлу адам,ол менің- Анам» атты сыр сұхбатқа рефлексиялық есебі
Аналар мерекесіне арнап, « Ең сұлу адам, ол менің- Анам» атты сыр сұхбат жоспарланып, өткіздім.
Мақсатым: Ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру. Тәрбие сағатына аналар және мектеп мұғалімдері қатысты. Сабақты оқушылар өздері дайындаған бейнероликтен бастады. Онда балалардың өз аналарымен, отбасымен түскен фотосуреттерінен құралған бейнеролик, қанатты сөздер болды. Аналарға арналған өлең-жырларын, әндерін орындады. Қарақат монолог оқып, ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек екенін жеткізді. Ана мен баланың ара-қатынасын жақындату, бір-бірін қаншалықты білетінін байқау мақсатында «Бір-бірлеріңізді қаншалықты білесіздер», «Стилист» атты ойындар ойнатылды. Оқушылардың «Мама» атты бейнебаяны арқылы аналарына деген құрмет ,мейірімге толы жүрекжарды тілектерін білдірді. Ана туралы әндер шырқап, шарлар арқылы, «Әлемнің жарығын сыйлағаныңыз үшін РАХМЕТ» деген сөздер жазды, өз қолдарынан жасалған гүл шоқтарын ұсынып, қорытындылады. Мектеп директоры аналарға жылы лебізін білдірді.
Балалар өз бойындағы ең жақсы қасиеттерді АНАДАН алатыны туралы өздерінің ойларын білдірді. Пайдаланған бейнероликтер, әндер, өлең жолдары арқылы, анасының мейіріміне, қамқорлығына және жылулығына алғыстарын жеткізе білді. Ана - мәңгілік тақырып екенін дәлелдей білді. Барлығы үлкен талғаммен, үйлесімділікпен безендіріліп, барлығы тәрбие сағатының жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Барлықтарыңыздың отбасыларыңыз аман, бақытты жанұя атанып,тату тәтті өмір сүріңіздер. Ата-аналар атынан Т.Б. сөйледі.

- Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, кіріңді жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың. Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің. Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң табақтарды жерге лақтырдың. Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң дуалдарды шимақтадың. Бес жасқа толғаныңда, анаң сені әдемі киімдермен киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің. Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектеп қабырғасына алып келді. Ал сен болсаң «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың. Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшағына алу үшін мектептен қашан келер екен деп сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың. Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің. Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң бар уақытыңды достарыңа ысырап еттің. Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің. Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің. Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің. Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің. Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. Білгін, ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылады. Егерде сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық істе. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма. Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.
Оқушылар аналарға арнап өлеңдер оқыды.
С.:Жағдаяттан шығу.Тосын сый. Ата - аналарға арналған. «Стилист» (ойын)
Қ.: «Бір- біріңізді жақсы танисыз ба?.( ойын )
- Алдарыңызға сынып оқушыларына «Ана деген кім» деген сұрақ қойған болатынбыз, соған назар аударайық! ВИДЕОРОЛИК «МАМА»