“Төтенше жағдайлар: қауіпсіздікті сақтау-өмірді сақтау” тақырыбында ашық сабақ
Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында 8-сынып оқушыларымен яғни, “Жас құтқарушылар”сыныбымен “Төтенше жағдайлар: қауіпсіздікті сақтау-өмірді сақтау” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректігілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту.Төтенше жағдайларды оқушыларға оқытудың маңызы өте зор. Себебі, балалар мен жасөспірімдер табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Бұл дағдылар оларды қауіпсіздік шараларын сақтауға, стресс жағдайында дұрыс әрекет етуге және өз өмірлерін және басқа адамдардың өмірлерін қорғауға көмектеседі. Бұдан бөлек, төтенше жағдайлар туралы білім балаларды тек өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы жауапкершілікті сезінуге де үйретеді. Олар бұл ақпаратты өз отбасы мүшелеріне, достарына немесе мектептегі сыныптастарына бере алады. Сонымен қатар, мұндай білімнің қоғамда төтенше жағдайлар кезінде жаппай тәртіпсіздіктер мен паниканың болмауына әсері де маңызды.