28
январь
2025
Цифрлық технология қазақ тілі мен әдебиеті сабағында: креативті идея, үздік нәтиже
“Цифрлық технология қазақ тілі мен әдебиеті сабағында: креативті идея, үздік нәтиже” тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің аясында 5-сыныптың “А” сыныбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы тіл үйренуді жеңіл әрі қызықты ету. Пән мұғалімі Темірғалиева Д.О. ұйымдастырған бұл ашық сабақта заманауи әдіс-тәсілдер мен интерактивті құрылғылар қолданылды. Сабақ барысында оқушылар түрлі цифрлық платформалар арқылы тілдік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Сабақтың құрылымы қызықты әрі ерекше болды. Оқушылар электрондық құралдар арқылы мәтіндермен танысып, тапсырмаларды орындап, өз жұмыстарын шығармашылықпен көрсетіп жатты. Әрбір тапсырма оқушылардың қабілеттерін шыңдай отырып, топтық жұмысқа да ерекше көңіл бөлінді. Мұндай сабақтар білім беру үдерісін жаңа деңгейге көтеріп, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады.
Қазақ тілін меңгеру барысында жаңа технологияларды қолдану оқушылардың білім алуына жақсы ықпал етті, сонымен қатар олардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді. Сабақтың соңында оқушылардың жұмыс нәтижелері талданып, ең үздік нәтижелер бағаланды. Осылайша, цифрлық технологиялардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы маңызы мен тиімділігі айқындалды.
