09
январь
2025
ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС ҰБТ-ға психологиялық дайындық.Оқушыларға психологиялық кеңес ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары — Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз? — Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек. — Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады .
Күн тәртібі: • * күнді үш бөлікке бөл; • * Тестке күніне 8-сағат дайындық; • * Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат; • * 8-сағаттан кем ұйықтама; • * 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.
ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болады? — Туған-туыстардың ҰБТ тапсырушыға барынша қолғабыс көрсеткені абзал. — Дайындықты ҰБТ тапсырудан 2-3 ай бұрын бастау қажет. Ең болмағанда, материалдарды қайталап тұрған дұрыс. —ҰБТ тапсырған аға-әпкелеріңізден кеңес сұраңыз. — Емтиханға керекті материалдарды ғана оқыңыз. — Шпаргалкаға уақыт жаратқанша, оқыған материалыңызды тағы да бірнеше рет қайталағаныңыз жөн. — Үзіліс кездерінде сыртқа шығып, таза ауа жұтыңыз. — Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз. — Емтиханға тыныш жерде дайындалуға тырысыңыз — ҰБТ сынағының алдында 1 тәулік ештеңені ойламай демалыңыз.
Тамақтану Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.
Тест күнгі тамақтану үлгісі: 1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды. 2. Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. 3. Қатты қобалжығандықтан, сіздердің тәбетіңіз болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтану керек
ҰБТ алдында болатын қорқыныштың себептері : 1. Шамадан тыс жүктеменің болуы. 2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді. 3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 4. Ауру салдарынан болған әлсіздік. 5. Дәрменсіздік сезімі. 6. Өз біліміне күмәндану. 7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі) 8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы