«Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік»облыстық әдістемелік-тәжірибелік семинар » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік»облыстық әдістемелік-тәжірибелік семинар
05
март
2025

«Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік»облыстық әдістемелік-тәжірибелік семинар

 №16 Төлеубай Аманов атындағы орта мектепте облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Үздік мектеп: озық тәжірибе, нәтижелі жетістік» тақырыбында облыстық әдістемелік-тәжірибелік семинар өтті. 

Семинар жұмысының аясында «Орта білім беретін үздік ұйым-2024» байқауының жүлдегері №16 жалпы орта білім беретін мектептің шығармашылық ізденістері, озық тәжірибелері таратылды. Семинарды  «Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ директоры А.С.Исабаева алғысөзбен ашты. Мектеп директоры А.У.Сатаева «IMAGE – мектептегі көшбасшылықты жетілдіру» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мектеп мұғалімдері «Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», «Шеберлер керуені», «Креативті идеялар» алаңында ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді. Сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жобалар мен педагогикалық идеяларын  паш етті. «Магистрлар мектебі», «Тәлім» жас мамандар мектебі, STEM-клуб, «Жалын» дебат клубы, «Жас сарбаздар» мен «Жас құтқарушылар» сыныптарының тың идеялары насихатталды. Семинарға қатысушылар мектеп мұражайымен танысып, «Даналық мектебі», «Абай әлеміне саяхат» клубы, «Мұрагер» домбырашылар ансамблі мен бишілер өнерін, мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткізілген READx-ты тамашалады. 

Семинар соңында семинарға қатысушылар семинардан алған әсерлерімен, түйген ойларымен бөлісті. 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив