“KETTIK STUDY” Польша Университетінің өкілдерімен кездесу » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “KETTIK STUDY” Польша Университетінің өкілдерімен кездесу
12
март
2025

“KETTIK STUDY” Польша Университетінің өкілдерімен кездесу

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында “KETTIK STUDY” Польша Университетінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, шетелдік жоғары оқу орындары туралы ақпарат беру және олардың болашақтағы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсету.

Кездесуді кәсіби бағдар беруші Баяндинова У.Д. ұйымдастырып, оқушыларға Польша университеттеріне түсу талаптары, білім беру бағдарламалары, оқу ақысы және шәкіртақылық мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттік өмір, жатақхана, виза алу процесі, академиялық қолдау жүйелері жөнінде маңызды мәліметтер айтылды.

Кездесу барысында:
🔹 Польшада білім алу мүмкіндіктері таныстырылды;
🔹 Шетелдік жоғары оқу орнына түсуге қажетті құжаттар мен талаптар түсіндірілді;
🔹 Мамандықтар мен оқу бағдарламалары туралы ақпарат берілді;
🔹 Оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Іс-шара соңында оқушылар университетке түсу жолдары туралы қосымша ақпарат алды және шетелде білім алуға қызығушылық танытқан оқушылар үшін жеке кеңес ұйымдастырылды. Бұл кездесу оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына ықпал етіп, халықаралық білім беру кеңістігіне қадам жасауға мүмкіндік берді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив