01
август
2025
Құрметті әріптестер,ата-аналар және оқушылар!
Құрметті әріптестер,ата-аналар және оқушылар! Бүгін сіздермен директорлық қызметімнің соңғы аптасы екенін хабарлап, жаңалықпен бөлісіп отырмын. Зейнеткерлікке шығуыма байланысты басшылық қызметімді аяқтаймын. Қызметтің ең қызықты да қиын саласы-білім саласында 40 жылдан артық,оның ішінде 14 жыл басшы, 6 жыл-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болдым. Қанша шәкірт тәрбиелеп қанаттандырумен қатар,қанша ұстаздың еңбек жолында кәсіби өсуіне ықпал жасап,өмірлік тәлімгері болып,маман тәрбиелеп ұстаздардың ұстазы бола білдім деп ойлаймын. 2023 жылдың 01 ақпанынан бастап сіздермен бірге еңбек етіп, ортақ мақсатқа ұмтыла жұмыс жасадық. Бұл жылдар мен үшін өте абыройлы да шынайы ықыластың кезеңі болды. Осы 2,5 жылда ұжыммен бірге көптеген белестерді бағындырдық. •Қалалық,обылыстық, республикалық семинарлар өткіздік; •“IMAGE-мектептегі көшбасшылықты жетілдіру”, «Абайдын философиясы: адамгершілік, мораль, және білім мәселелері», «Аталар мектебі: ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен тәлімгерлік», «Поткаст арқылы тәрбие беру: жаңа мүмкіндіктер мен бағыттар», «Эмпатия іс жүзінде: мейірімділікке негізделген сынып қауымдастығын құру» жобалары сәтті ұйымдастырылды; •Әке-аналармен, ата-әжелермен көптеген іс-шаралар өткіздік; •STEAM кабинеті ашылды; •Футбол алаңы салынды; •Мектеп асханасы, акт залы, 1-ші және 2 қабат дәліздерінің замануи жөндеу жұмыстары жасалды; •Мектеп қоршауы жасалды; •Мектептегі су құбырлары ауыстырылды; •Ролл штор орнатылды; •Заманауи стендтер жасалды; •“Жас сарбаз”сыныбы ашылды; •-Абай облысындағы ең алғашқы болып “Жас құтқарушы” сыныбы ашылды; •-7 мамандырылған физика-математика сыныбы ашылды; •-1,5 гимназия сыныптары ашылып,болашақта мектеп-гимназия болады деген мақсат қойылды;
