18
август
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2025 жылғы 18 тамызынан бастап Ахметкаримова Анаргүл Сергазыевна Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды. 🎓📚
Ахметкаримова Анаргүл Сергазыевна 1976 жылы 17 наурызда дүниеге келген.
🔹1993 жылы Семей Мемлекеттік университетіне түсіп, 1997 жылы «Үздік дипломмен» тәмамдады.
🔹Еңбек өтілі – 26 жыл
🔹Санаты – педагог-зерттеуші
📌 Еңбек жолы:
• 1998 ж. – «Тоғас батыр орта мектебі» ММ, химия пәні мұғалімі;
• 2004 ж. – «Жезкен орта мектебі» КММ, химия-биология пәні мұғалімі;
• 2006 ж. – «№2 Ақсуат орта мектебі» КММ, биология пәні мұғалімі;
• 2010 ж. – Жарма ауданы «Георгиевка орта мектебі» КММ, әдіскер;
• 2011 ж. – «Маяковский атындағы орта мектеп» КМ, биология пәні мұғалімі;
• 2013 ж. – «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, интернат меңгерушісі;
• 2017 ж. – «Маяковский атындағы орта мектеп» КМ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және биология пәні мұғалімі;
• 2024 ж. – «Маяковский атындағы орта мектеп» КМ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
🏅 2024 жылы ҚР Оқу-ағарту министрінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Жаңа қызметінде толағай табыстар мен жемісті еңбек тілейміз! 🌟👏

