23
сентябрь
2025
10 ә сыныбы «Болашақ маман иесі – бүгінгі оқушы» тәрбие сағаты
№4 тәрбие сабағы аясында 10 «Ә» сыныбында «Бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерді жіберу – қауіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушыларға ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы түсіндірілді. Жеке деректер мен фотосуреттерді бөгде адамдарға жолдаудың қауіптілігі нақты мысалдармен көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар мамандық таңдаудың мәні туралы жалпы мағлұмат алды. «Болашақ маман иесі – бүгінгі оқушы» ұстанымы негізінде оқушыларға жауапкершілік пен мақсаттылықтың рөлі айтылды. Тәрбие сағатында оқушылар «Тарсия» әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізді. Бұл әдіс арқылы оқушылар берілген ақпараттарды біріктіріп, ортақ қорытынды жасады. Әрбір оқушы өз ойымен бөлісіп, пікір алмасуға мүмкіндік алды.Сабақ соңында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар жасалды.Тәрбие сағаты мазмұнды әрі оқушылардың қызығушылығын арттыратын түрде өтті.


