«КҮЗ ӘДЕМІЛІГІ» Бастауыш сыныптар арасындағы сән defile
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында дәстүрлі «Күз әдемілігі» атты сән дефилесі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру, табиғат сұлулығын сезіне білуге және сахна мәдениетін меңгеруге баулу болды.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
1️⃣ Таныстыру – әр сынып өз атауын және сән үлгісінің тақырыбын таныстырды.
2️⃣ Сән үлгісін көрсету – қатысушылар күзгі табиғи материалдардан жасалған ерекше киімдерін сахнада сәнмен көрсетті.
3️⃣ Шығармашылық тапсырма – оқушылар өз бейнесіне сай би, ән немесе шағын көрініс ұсынды.
Бағалау кезінде киімнің ерекшелігі мен шығармашылығы, тақырыпқа сәйкестігі, табиғи материалдардың қолданылуы, сахнада өз-өзін ұстауы және таныстырудың мазмұндылығы ескерілді. Барлық өлшемдер бойынша ең жоғары ұпай саны – 50 болды.
Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
✨ «Күз ханшайымы мен ханзадасы»
👗 «Ең сәнді киім»
🌟 «Көрермен көзайымы»
🎨 «Шығармашыл сынып»
🍂 «Экостиль үздігі»
Шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымдық жұмысқа баулу, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен эстетикалық талғамды дамыту бағытында маңызы зор іс-шара болды.


