20
октябрь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңінде мектебіміздің 6-сынып оқушылары Саматова Айсұлу мен Оспанова Жанорда ерекше жетістікке жетті. Олар Қоғамдық–гуманитарлық бағыты, этномәдениеттану секциясы бойынша «Этностильдегі сөмке: жасалуы, ерекшелігі мен айырмашылығы» тақырыбындағы зерттеу жұмыстарын ұсынып, І орынға ие болды. Жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі Райстанова Перизат Каримхановна.
Ұлттық болмысты заманауи тұрғыда ұлықтаған жобаларыңыз құнды әрі ерекше болды. Жас зерттеушілерімізге жарқын жеңістер тілейміз!


