30
октябрь
2025
«Бір команда – бір мақсат!»3–4 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған спорттық жарыс
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де«Бір команда – бір мақсат!» атты 3–4 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған спорттық жарыс жоғары деңгейде өтті! Іс-шараның басты мақсаты – мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы серіктестік пен бірлікті нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын дәріптеу болды. Эстафеталық және ұлттық ойындар жоғары қарқынмен, тартысты әрі қызықты өтті. Командалар ұйымшылдықтың, жылдамдықтың және спорттық шеберліктің үздік үлгісін көрсетті!
🏆 ЖЕҢІМПАЗДАР:
4-сыныптар арасындағы эстафеталық жарыс:
🥇 I орын – «Болашақ» тобы, 4 «Б» сыныбы
🥈 II орын – «Тұлпар» тобы, 4 «Ә» сыныбы
🥉 III орын – «Самғау» тобы, 4 «В» сыныбы
3-сыныптар арасындағы спорттық ойындар (үстел теннисі, асық ату, садақ ату):
🥇 I орын – «Жалын» тобы, 3 «Ә» сыныбы
🥈 II орын – «Самға» тобы, 3 «Б» сыныбы
🥉 III орын – «Алаш елі» тобы, 3 «А» сыныбы
Барлық қатысқан командаларға Алғыс хаттар және де түрлі номинациялар мен барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.


