«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңінің қорытындысы
Білім додасында бақ пен бап таласқан сәтте өз білімімен, ұшқыр ойымен ерекшеленген шәкірттер ғана жеңіс тұғырынан көрінеді. Осындай дарынды оқушылардың бірі – 11-сынып оқушысы Омарханов Ерали. Ол «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңінде ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді. Сайыс барысында қатысушылар логикалық ойлау, жедел шешім қабылдау, эрудиция мен жан-жақты білімді қажет ететін түрлі кезеңдерден өтті. Ерали барлық кезеңде үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан айқын басым түсті. Оның ерекше дайындық деңгейі, білімге деген ынтасы мен табандылығы жеңіске жеткізді.
Облыстық кезеңде топ жарған Ерали енді аймақ намысын қорғай отырып, республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл – үлкен жауапкершілікпен бірге, биік үміттің де белгісі.Жас зияткердің жетістігі – оның өз еңбегінің, ұстаздарының бағыт-бағдары мен ата-анасының қолдауының жемісі. Алда күтіп тұрған республикалық додадан да сәттілік серік болып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Омарханов Ералиге жаңа жеңістер мен толайым табыстар тілейміз!



