04
декабрь
2025
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі құттықтаймыз!!!
4-желтоқсан күні 8-сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысқан дарынды оқушыларымыз тамаша жетістіктер көрсетті. Атап айтқанда, география пәнінен 8 «Ә» сынып оқушысы Ермекбай Іңкәр (жетекшісі – география пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Қ.Б.Ожанова) І орынға ие болып, олимпиаданың облыстық кезеңіне өтті. Сондай-ақ қазақстан тарихы пәнінен 8 «А» сынып оқушысы Жумагазинова Аяла (жетекшісі – тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші П.К.Райстанова) ІІ орын, информатика пәнінен 8 «Ә» сынып оқушысы Гумаров Дильбарлан (жетекшісі – информатика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші К.Ж. Тлегенова) ІІІ орын, химия пәнінен 8 «Б» сынып оқушысы Сенғазы Аружан (жетекшісі – химия пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Г. Кәмелбекқызы) ІІІ орын, математика пәнінен 8 «В» сынып оқушысы Қайратов Елжас (жетекшісі – математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Б.Тұрғанбаева) ІІІ орын, физика пәнінен 8 «В» сынып оқушысы Алмасұлы Ильяс (жетекшісі – физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Б.Д. Хамитова) ІІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 8 «А» сынып оқушысы Төлеубекова Ақжарқын (жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Д.О.Темірғалиева) ІІІ орын, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 8 «А» сынып оқушысы Закенова Айназ (жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Д.М.Жумагулова) ІІІ орын, ағылшын тілі пәнінен 8 «В» сынып оқушысы Ержанқызы Альфия (жетекшісі – ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-модератор А.А.Ибрагимова) ІІІ орын иеленді.


