03
март
2026
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VІІІ Республикалық байқауыны
2026 жылдың 02-03 наурызында өткен «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VІІІ Республикалық байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог Айнаш Алмасқызы Төлеуова қатысты. Байқаудың мақсаты: жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру, инновациялық қызметін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау. Байқау 3 тур бойынша өткізілді. І тур – «Шығармашылық жолдың бастамасы»; ІІ тур – «Заманауи сабақ»; ІІІ тур – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудағы педагогикалық тәжірибе. Байқау нәтижесі бойынша Айнаш Алмасқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жас маманымызды тамаша жетістігімен құттықтап, еңбегіне толағай табыстар тілейміз! Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Нурлыбаева


