27
февраль
2026
«Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен практикалық шешімдер» атты облыстық әдістемелік семинар
27.03.2026 ж. Абай облысы білім басқармасы, Семей қаласы білім бөлімінің «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Цифрлық ресурстарды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану: тиімді әдістер мен практикалық шешімдер» атты облыстық әдістемелік семинар аясында «Олимпиадалық ойлау: стандарттан тыс есептерді қалай шешеміз?» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныптың мақсаты: Оқушылардың олимпиадалық ойлау қабілетін дамыту, стандарттан тыс есептерді шешудің тиімді стратегияларын меңгерту және логикалық, шығармашылық тұрғыдан ойлау дағдыларын ЖИ арқылы қалыптастыру.
Шеберлік сыныпты өткізген мұғалімдер: Турысбекова Шугыла Кабиденовна - бастауыш сынып мұғалімі, педагог - зерттеуші, Абеуова Шолпан Рысбекқызы - бастауыш сынып мұғалімі, педагог - модератор.


