Мектебімізде «Заң. Жауапкершілік. Болашақ» атты мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған құқықтық іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жауапкершілік деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар заң талаптары мен өз құқықтары туралы маңызды ақпарат алды. Мамандар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықтық жағдайларды түсіндірді. Қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал етті. Жастардың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталды. Мұндай шаралар болашақта құқықбұзушылықтың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.