06
май
2026
«Отан қорғау — қасиетті борыш» атты тәрбие сағаты
10 «Ә» сыныбында Отан қорғаушылар күніне орай "«Отан қорғау — қасиетті борыш» атты тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты — оқушыларға елін, жерін қорғаудың маңызын түсіндіру және патриоттық сезімдерін арттыру болды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар Отан қорғаушылар туралы мәліметтер айтып, тақырыпқа байланысты ойларын ортаға салды. Сынып оқушылары ел тыныштығын сақтап жүрген әскери қызметкерлердің еңбегін ерекше құрметпен атап өтті. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті. Тәрбие сағаты мазмұнды әрі әсерлі өтіп, қатысушыларға патриоттық рух сыйлады.


