10
январь
2020
Ата-аналарға арналған «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ЕЛ МҰРАТЫ» алаң жұмыс
«Төлеубай Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Ата-аналарға арналған «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ЕЛ МҰРАТЫ» алаң жұмысы.Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 14 қаңтар айында мектебімізде ата-аналарға арналған алаң жұмысы көрсетілді. «Ұрпақ тәрбиесі-ел мұраты» тақырыбында ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланыс орнатуына ықпал ету, ата-аналардың құқықтық сауаттылығын жетілдіру, ата-аналармен ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып, жеткіншектерге қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шараның өткізілу барысы 4 алаңға бөлінді.✓ 1 АЛАҢ: Шеберлік сыныптар (робототехника, қолөнер)
А. Шакарманов-IT маманы, Р.Хисамутдинова-қолөнер үйірмесінің жетекшісі.
✓ 2 АЛАҢ : «Суицидтік мінез-құлықтың алдын -алу» бойынша ата-аналарға арналған тренинг
Педагог-психолог: Ж.Ж.Торсықбаева «Жеткіншектер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу»
✓ 3 АЛАҢ: «Зорлық зомбылықты біз бірге жеңеміз!»
Педагог-психолог: Д.Г.Садвакасова . Ата-аналарға арналған тренинг. ✓ 4 АЛАҢ: Жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жолдары»
Тәрбие ісі орынбасары: Д.М.Майкынов
Құқық қорғау отралығының жетекшісі: С.Т.Нәсіпбекова
Алаң жұмысы соңында рефлексия жасалды. Ата-аналар кері байланыс берді.



