27
апрель
2020
«Ерлік сабағы» тақырыбында қашықтық сабағы
2020 жылғы сәуір айының 20 мен 25 аралығында пән мұғалімдері, сынып жетекшілері «Ерлік сабағы» тақырыбында қашықтық сабағын өткізіп және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығы мен Отан қорғаушы Күніне арналған қалалық әдістемелік әзірлемелер конкурсына біздің мектептің де оқушыларыда белсене қатысты. Бұл байқаудың мақсаты - ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтап, тәрбие үдерісінің басты қағидаттарының біріне бағытталған қашықтан оқыту түрінде Ерлік сабақтарын өткізудің ең үздік әдістемелерін анықтау, зерделеу және тарату.
Әзірлемелерде сабақтың келесідей тәрбиелік мақсаты ескерілді: -Қазақстанның тарихи өткені мен бүгінгі тарихына ұқыпты қарауға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы тарихи естелікті сақтау, Қазақстанның Кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресінде жеңіске қосқан үлесі туралы тарихи сауаттылықты арттыру, оқушыларға патриоттық тәрбие беру және отан қорғаушыларды құрметтеу.
Ұсынылған материалдарда мектеп оқушыларына біздің халқымыздың басына түскен оқиғалар мен сынақтар, ересектер мен балалардың ерлігі, табандылығы әсерлі суреттеліп, көрсетілген. Осындай сипаттағы іс-шаралар тек тарихи білім аясын ғана емес, сонымен қатар өз Отанының патриот – азаматының барлық қасиеттеріне ие тұлғаны дамытуға мүмкіндік береді.