29
июнь
2020
МЕКТЕБІМІЗДІҢ ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Семей қаласында маусым айының 26 өткізілген мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуі аяқталды. Тестілеу дезинфекциялық режімді сақтаумен өткізілді. ҰБТ өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ, мектеп оқушылары ҰБТ өткізу Ережелерін қатаң сақтады, осыған байланысты ҰБТ тапсыру кезінде түлектерді тестілеуден шығарып жіберу жағдайлары орын алған жоқ. Ата-аналардың ent-onlain.kz. сілтемесі бойынша аудиториядағы тестілеу барысын бақылап отыру мүмкіндіктері болды. Барлығы 1374 оқушы ҰБТ-ға қатысты.Түлектерді ҰБТ сәтті тапсыруларымен құттықтаймыз!ҰБТ қорытындысынан елімізде орын алып отырған жағдайға қарамастан, түлектердің көпшілігі мектепте оқыған кезде алған білімдерін көрсетуге мұқият, тиянақты дайындалғандығы көрінді. Қажымай еңбектенген сағаттар артта қалды. Алдыда – оқуын жалғастыруға тілек білдірген түлектер жоғары оқу орнына түседі. Бұл ендігі – мамандық таңдау, жинақталған балға қатысты тиісті оқу орнын таңдап алу дегенді білдіреді.
Мақсаттарыңыз орындалып, өмірлік жолдарыңызды дұрыс таңдауларыңызға тілектеспіз!


