23
ноябрь
2020
«Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі» тақырыбында жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағаттары
2020 жылдың 23-қарашасында Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің өзін – өзі тану мұғалімдері оқушыларға, ата-аналарға қашықтан оқыту форматында «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі» тақырыбында жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағаттарын өткізді. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мәңгілік өзгермейтін құндылықтар туралы айтылды.Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының еліміздегі білім мекемелерінің оқу-тәрбие үдерісіне табысты іске асырылуы Сара Алпысқызының балалардың жастайынан дені сау және бақытты болу өнерін меңгеруі жолындағы арманының орындалғаны болып табылады.
Мұғалімдер жалпыреспубликалық сабақта «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидалары мен мазмұнына сүйене отырып, «бақытты өмір» ұғымының мәнін ашты. Өзін-өзі тану сағатын өткізу барысында рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша бейнероликтер көрсетілді, жүргізілген қайырымдылық акциялары туралы оқушыларға фотоколлаждар ұсынылды, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы әңгімелесу жүргізіліп, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.