15
февраль
2021
Оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының 4-ші (қорытынды) кезеңі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізіп келеді. Конкурс 2021 жылдың 9 мен 12 ақпан аралығында онлайн форматта өткізілді.
Конкурстың бірінші (мектепшілік) кезеңіне 18 557 оқушы 9450 жұмыспен тіркелді. Екінші (аудандық) кезеңінде 8268 оқушы, үшінші (облыстық) кезеңіне 3381 оқушы қатысты Конкурстың үшінші кезеңіне 731 жоба өтті, олар бойынша 945 мектеп оқушылары жұмыс жасады.
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан ең үздік 567 жоба мен 750 дарынды оқушылар қатысты. Конкурстың қазылар алқасының шешімімен ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдары және алтын медальдармен - 60 жеңімпаз, ІІ дәрежелі дипломдары және күміс медальдармен – 99 жүлдегер, ІІІ дәрежелі дипломдары және қола медальдармен - 161 жүлдегер марапатталды. Конкурсқа қатысқан оқушылардың 42,7 пайыз марапатталды,яғни 237 ғылыми жоба жұмыстарымен 320 оқушы жеңіпаздар мен жүлдегерлер атанды.

Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушылары Оразов Мерей, Меллетхан Ақбота ғылыми жетекшілері: Тлегенова Камшат Жұмағазықызы, Бектұрсынова Айгерім Амангелдіқызы Өлкетану бағыты бойынша ғылыми жоба тақырыбы «SMART саябақ» ІІІ дәрежелі дипломдары және қола медалымен марапатталды.