«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ»- ЖАСТАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛҒЫЗ БАҒДАРЛАМА » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ»- ЖАСТАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛҒЫЗ БАҒДАРЛАМА
13
октябрь
2021

«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ»- ЖАСТАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛҒЫЗ БАҒДАРЛАМА

2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша  «ЕЛ үміті» жалпыұлттық саясатын ұсынды. Бұл бастама аясында  ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жоба қолға алынды. «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітілген.
Байқауға қатысушылар жасы 14 пен 29 жас аралығында болу - бағдарламаның негізгі шарты. «Елбасы медалін» мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иелене алады. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады – спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.Қатысушылар үш деңгейдің бірін таңдауға тиіс. «Алтын» деңгейдің ұзақтығы 18 айға дейін және ол 16 жастан жоғары жастарға арналған. «Күміс» деңгейдің ұзақтығы – 12 ай, жас шектеуі 15 жастан жоғары, ал «Қола» деңгей 6 айға жалғасады және ол 14 жастан жоғары қатысушыларға арналған.
2021 жылдың қазан айының 13-і күні Семей қаласының мектеп оқушыларына «Қола» деңгейдегі «Елбасы медалін» тапсыру салтанаты өтті. Семей қаласы Әкімінің орынбасары А.Садырбаев білім бөлімі бойынша басшының орынбасары м.а. Б. Булабаев салтанатты жағыдайда 10 мектептің 36 оқушысына «Елбасы медалін»тапсырды. Осындай медальға 11 сынып оқушылары Оразбаева Раушан, Қайратова Еркежан иеленді.ҚҰТТЫҚТАМЫЗ!!!  Сонымен қатар дарынды оқушылардың  жеңістеріне , олардың  ұстаздары мен ата-аналарына  аса риза көңілмен  құттықтаймыз.

Қаламыздың дарынды оқушыларының жетістігі мен табысы Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосып, берекелі бірлікті паш етіп, ел Туын көкке көтере берсін.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив