1 қазан – Қарттар күні мерекесі
Сіздерді 1 қазан – Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – бізге өнеге, ақыл-кеңес беріп жүрген ардақты аталар мен аналардың еңбегін бағалайтын, құрмет көрсететін күн. Сіздердің маңдай терлеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Әрдайым дендеріңіз сау, жүздеріңіз жарқын болып, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешулеріңізді тілейміз. Қариясы бар ел – қазынасы бар ел. Мереке құтты болсын! 🌹 Ізгі ниетпен: 1 “Г” сынып