Ақпарат » Страница 13 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 қазан – Қарттар күні мерекесі
01
октябрь
2025
1 қазан – Қарттар күні мерекесі
Сіздерді 1 қазан – Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – бізге өнеге, ақыл-кеңес беріп жүрген ардақты аталар мен аналардың еңбегін бағалайтын, құрмет көрсететін күн. Сіздердің маңдай терлеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Әрдайым дендеріңіз сау, жүздеріңіз жарқын болып, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешулеріңізді тілейміз.  Қариясы бар ел – қазынасы бар ел. Мереке құтты болсын! 🌹 Ізгі ниетпен: 1 “Г” сынып
10 "Ә" сынып оқушылары 3 минуттық дене шынықтыру таңғы жаттығуын ұйымдастыру
30
сентябрь
2025
10 "Ә" сынып оқушылары 3 минуттық дене шынықтыру таңғы жаттығуын
 10 «Ә» сынып оқушылары 3 минуттық таңғы дене шынықтыру жаттығуын ұйымдастырды. Жаттығу барысында оқушылар жеңіл сергіту қозғалыстарын жасап, денесін оятып, күнді сергіп бастады. Мұндай іс-шаралар оқу процесіне энергия мен көңіл-күй сыйлайды. 
«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» ардагер ұстаздармен кездесу
30
сентябрь
2025
«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» ардагер ұстаздармен
Ұстаздар күніне орай «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өтті. Кездесуге бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне, білім беру ісіне  арнаған Жумагүл Кабдрахманқызы мен Айгул Уасиловна қатысты. Ұстаздар өмір жолы мен ұстаздыққа келулері туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті. Оқушылар  ұстаздық құндылықтар жайлы сұрап, ардагер ұстаздардың қазіргі уақытқа көзқарастарын тыңдады. Сүбелі сұхбат Екпін Мұратұлының әсем
"Азаматтық қорғаныс аясында" өрт жағдайы кезіндегі іс - қимылдар, эвокуациялауды ұйымдастыру
30
сентябрь
2025
"Азаматтық қорғаныс аясында" өрт жағдайы кезіндегі іс - қимылдар,
"№16 Т. Аманов атындағы ЖОББМ" КММ -де 2025 жылдың 30 қыркүйегі 1-2 ауысым оқушыларымен "Азаматтық қорғаныс аясында" адам өмірін сақтау, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мақсатында, ТЖ жоспарына сәйкес, мектеп ұжымы мен оқушыларға және кіші қызметкерлерге өрт жағдайы кезіндегі іс - қимылдар, эвокуациялауды ұйымдастыру, өрт жағдайына оқу жаттығулары өткізіледі. 2 минут, 30 секунд аралығында барлық оқушылар қауіпсіз аймаққа шығарылды.
«Кәсіби дамудың алғашқы қадамдар» атты жас мамандарға арналған тимбилдинг
29
сентябрь
2025
«Кәсіби дамудың алғашқы қадамдар» атты жас мамандарға арналған
«Кәсіби дамудың алғашқы қадамдар» атты жас мамандарға арналған тимбилдинг өтті. Бұл шараның мақсаты – жас педагогтардың бір-бірімен жақын танысуына, тәжірибе алмасуына және командалық рухты нығайтуға жағдай жасау. ✅Тимбилдинг барысында түрлі ойындар мен топтық тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылардың креативтілігі мен ынтымақтастық қабілеті дамытылды. Шара жас мамандарға мотивация беріп, кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарын сенімді бастауға ықпал етті.Жауапты: «Тәлім» жас мамандар мектебінің
9-сыныптар арасында “Полиглот” сайысы
26
сентябрь
2025
9-сыныптар арасында “Полиглот” сайысы
Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай тіл апталығы аясында 9-сыныптар арасында “Полиглот” сайысы өтті. Сайыс барысында қатысушылар бірнеше тілде өз білімдерін сынап, ой-өрістерін, тілдік қорларын және жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Әр кезең мазмұнды өтіп, оқушылар белсенділік танытып, жақсы дайындықтарын байқатты. Жауапты: ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Ахметкалиева М.Н Аскаткызы В. Мухаметжанова А.Д
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аймақтық турнирі
26
сентябрь
2025
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аймақтық турнирі
2025 жылдың 25-26 қыркүйек күндері аралығында мемлекет қайраткері, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аймақтық турнирі «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚҚ, ұйымдастыруымен 28738 әскери бөлімінде өз мәресіне жетті. Жарысқа он екі
"Көптілділік – кемел болашақ кепілі" айлық жоспары
25
сентябрь
2025
"Көптілділік – кемел болашақ кепілі" айлық жоспары
Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай "Көптілділік – кемел болашақ кепілі" айлық жоспарының аясында 9-10 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен “Spelling Bee” сайысы өтті. Сайыс барысында қатысушылар 3 кезең бойынша өз білімдерін сынап, ағылшын тіліндегі сауаттылықтарын, жылдам ойлау және дұрыс айту дағдыларын көрсетті. Әр кезең қызықты әрі тартысты өтіп, оқушылар белсенділікпен қатысып, жақсы дайындықтарын байқатты.Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
25
сентябрь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“Әлем таныған Әуезов” қалалық байқауында “М.Әуезов шығармаларынан сахналық қойылым” номинациясы бойынша 2-орын иегері 8-сынып оқушылары. Жетекшісі Темірғалиева Д.О. Құттықтаймыз.