Нурлыбаева Жанар Нурахымовна » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2025

Нурлыбаева Жанар Нурахымовна


Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары


1.     Жалпы ережелер

1.1.      Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 404-V Еңбек кодексі, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" № 338 бұйрығы,  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" № 319 заңы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.

1.2.      Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  директор тарапынан кәсіподақ комитетінің уәжді пікірлерін ескере отырып қабылданады және босатылады.

1.3.      Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының  кезекті еңбек демалысында және уақытша еңбекке жарамсыз жағдайда жүрген кездерінде оның міндеттері директордың өзге орынбасарларына немесе кіші қызмет көрсетуші персоналдар арасынан неғұрлым тәжірибелі тұлғаға жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару   директордың ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

1.4.      Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

1.5.      Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары тікелей директорға бағынады.

1.6.      Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады: әдістемелік бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдері, үйірме жетекшілері..

1.7.      Білуге тиісті:

–          Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, 

  • педагогика және психология негіздерін, 
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, 
  • менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, 

- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

1.8.      Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары компьютерлерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, Internet желілерін тиімді пайдалана білуі тиіс.


2. Функциялары 

Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

2.1. Лауазымдық міндеттердің негізгі аясы мектепте білім берудің мазмұнын әзірлеуді, оның ғылыми, бағдарламалық-әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді, педагогикалық ұжымның ОӘЖ-сын, оның біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін,  мұғалімдер мен оқушылардың эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық етуді қамтиды:

  • мектептің   даму   бағдарламасын,   оның    тұжырымдамасын   әзірлеуге   қатысады    және ұйымдастырады;
  • білім берудің мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, мектептегі білім беру жағдайын ғылыми талдаудың негізінде оған сәйкес ұйымдық құрылымдарын, жұмыс жүргізудің түрлерін құрастырады;
  • педагогтардың ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
  • педагогтарға ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуде, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын даярлау мен түзетуде жәрдем береді;
  • әдістемелік тақырып пен педагогтар таңдаған жеке тақырыптар бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  • білім беру мазмұнын дамыту мен жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша тұрақты және уақытша шығармашылық топтар жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады;

Ø ғылыми-педагогикалық мекемелермен, орталықтармен байланыс орнатады;

Ø педагогтар мен оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастырып, оның қызметін бақылап отыру жұмысына жауап береді;

Ø ғылыми жарыстарға қатысуына өтініштер даярлайды және оған қатысуды қамтамасыз етеді;

Ø мектеп педагогикалық ұжымын әдістемелік оқытуды жүзеге асырады (оқушылар аттестаттауын талдау, педагогтардың кәсіби шеберлік деңгейін зерделеу және басқалар негізінде әдістемелік және психологиялық-педагогикалық оқулар ұйымдастырып, өткізу);

Ø педагогтердің курстарда кәсіптік біліктіліктерін арттыруын қамтамасыз етеді;

Ø семинарлар, тренингтер мен конференциялар ұйымдастырып, өткізумен айналысады;

Ø тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар үрдісі мен нәтижелерін бақылап отырады, оларды талдап, жүйеге кептіреді, білім беру үрдісіндегі әр түрлі субъектілерге ұсынымдар қалыптастырады;

Ø директордың орынбасарларымен бірлесіп озық педагогикалық және басқару тәжірибелерін талдау, бағалау, жинақтау мен тарату істерін жүзеге асырады;

Ø оқу-тәрбие үрдісін (бұдан әрі - ТҮ) болжамдау мен мониторинг жүргізу жұмыстарын үйлестіреді;

Ø ОТҮ-ні ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады;

Ø оқу жоспары аясында жүзеге асырылатын бағдарламаларға аңдатпа беріп, сараптама жасауды ұйымдастырады;

Ø педагогтер мен ОТҮ оқу-тәрбие қызметін болжамдау мен талдау жұмысын ұйымдастырады;

Ø мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдау жасайды (жылына кем дегенде 135 сабақ);

Ø педагогтер   мен    оқушылардың   шығармашылық-танымдық қызметін   ұйымдастырады, танымдық шығармашылық және дамытушы байқаулар өткізеді;

Ø кітапханамен және мектеп директорының орынбасарларымен бірлесе отырып, ғылыми-әдістемелік материалдар, әзірлемелер, мерзімдік баспасөзден, кәсіптік әдебиеттен жарияланымдар базасын жинайды;

Ø кітапханашымен бірлесіп оқушылар мен мұғалімдерге қызмет көрсетудің жоспарын әзірлейді;

Ø психологиялық-педагогикалық қызметтегі жұмысты үйлестіреді;

Ø ата-аналар   арасында     психологиялық-педагогикалық    ағарту   жұмысын ұйымдастыру мәселесімен айналысады;

Ø іс қағаздарын жүргізіп, эксперимент жұмыстарына талдау жасайды,

Ø ғылыми-әдістемелік материалдарын жариялауға даярлықты ұйымдастырады;

Ø мұғалімдерге күнтізбелік-тақырыптық кестелер мен жоспарлар әзірлеуде көмек беруді ұйымдастырады;

Ø пән кабинеттерін сынақ-байқауларын өткізуге даярлық жұмыстарын ұйымдастырады;

Ø әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және әдістемелік бірлестігіне курьерлік етеді; 

  • әдістемелік бірлестіктің ОПТ-сын айқындап, зерделейді; жас мұғалім мектебінің (бұдан әрі ЖММ) жұмысын ұйымдастырады;
  • мектеп кабинеттерінің жай күйін қадағалайды;
  • Педагогикалық кеңес пен мектеп басшылығы шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
  • мектепте 1-11 сыныптар оқушылары арасында пән олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырумен, оқушылардың аудандық және қалалық олимпиадаларға, марафондарға, байқауларға қатысуын қамтамасыз етумен айналысады;
  • Мектеп кабинеттерінің жай-күйін бақылайды;
  • Аттестаттау комиссиясы төрағасы орынбасарының міндеттерін атқарады, пән мұғалімдерінің біліктіліктерін жоғарлату жұмыстарын ұйымдастырады;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік   қызметін ұйымдастырады және құжаттарға жауап береді;
  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақтарды ұйымдастыру және қадағалау мақсатында мектеп координаторы міндетін атқарады;
  • өз лауазымдық міндеттеріне сәйкес мектеп бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобасын дайындайды.


3. Лауазымдық міндеттері

  1. Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды 
  2. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды. 
  3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді. 
  4. Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады; 
  5. Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
  6. Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. 
  7. Пәндер бойынша мектеп ішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектеп ішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативтивті бағалауды талдайды. 
  8. Пән бойынша білімді тематикалық бақылаумен қамтамасыз етеді. 
  9. Білім алушылар мен педагогтардың олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады. 
  10. Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады,ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді. 
  11. Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды. 
  12. Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады. 
  13. Тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санатын беру (растау) бойынша жұмысты ұйымдастырады.
  14. Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша ұсыныс береді және жұмысты жалғастырады, баламалы оқулықтарды іске асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға өтінімді ұйымдастырады, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстар, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру.
  15. Кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға жыл сайын өтінімді енгізеді. 
  16. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  17. Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді. 
  18. Кері байланысты ұсына отырыппедагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды.
  19. Оқу процесін жетілдіру бойынша тренингтер, оқыту семинарларын, оқу әдістемелік сағаттар өткізеді. 
  20. Педагогикалық кеңестің тәртібі мен материалдарын әзірлейді. 
  21. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 
  22. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

4. Құқықтары

Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары мыналарға құқылы:

4.1. Мектептегі пән мұғалімдерінің кәсіби өсуіне ықпал етуге.

4.2. Пән мұғалімдерінің сабағына қатысуға, кеңес беруге.

  1. Педагогикалық оқу-тәрбиенің жаңа үрдістерін талдауға, бағалауға, басқарудың әдіс-тәсілдерін пайдалануға.
  2. Ұжымды жетістікке жеткізетін шешімдерді қолдауға, ұсыныстар жасауға.
  3. Өз лауазымдық міндеті шеңберінде басқаруға және бақылау жасауға.
  4. Өзінің міндеті шеңберінде орындауға тиісті мәселелер бойынша талап қоюға. 
  5. Пән мұғалімдері мен мектеп қызметкерлерінен қажеттілігіне қарай құжаттарды талап етуге.
  6. Мекеме жарғысында белгіленген тәртіпте  басқаруға қатысу.
  7. Кәсіби абырой, намысын қорғауға.
  8. Өз жұмысына баға берілген арыз-шағымдармен, өзге де құжаттармен танысуға, оларға тиісінше түсінік беруге.
  9. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары тарапынан кәсіби этика нормаларының бұзылуына байланысты тәртіптік тергеп-тексеру немесе қызметтік тексеру жағдайында өз мүддесін өзі және (немесе) өкілі, соның ішінде адвокат арқылы қорғауға.
  10. Заңда қарастырылған кейбір жағдайларды қоспағанда, тәртіптік (қызметтік) тергеп-тексеру құпиялылығының сақталуына.
  11. Біліктілігін арттыруға.
  12. Тиісті біліктілік категориясына ерікті түрде аттестатталуға және аттестациядан ойдағыдай өткен жағдайда оны иеленуге.
  13. Оқушыларға сабақ пен үзіліс кездерінде сабақты ұйымдастыру мен тәртіп сақтауға қатысты міндетті тапсырмалар беруге, жарғысы мен оқушыларды ынталандыру және жазалау туралы ережелерде белгіленген жағдайлар мен реттерде оларды тәртіптік жазаға тартуға.


5. Жауапкершілігі

5.1.      ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мынаған жауап береді:

•           оқу жоспары мен оқу процесі графигіне сәйкес білім беру бағдарламаларының толық көлемде орындалуына;

•           білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына;

•           оқушылардың құқықтары мен еркіндігінің бұзылмауына.

5.2.      Жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорының заңды өкімдерін, өзге де жергілікті нормативтік актілерді,  осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерді дәлелсіз себептермен орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңнамаларында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.3.      Оқушының жеке басына тәрбиенің күштеу және (немесе) психикалық қысым жасау әдісін бір рет те болса қолданғаны үшін, сондай-ақ тіпті басқа да бейморальдық әрекеттері үшін мұғалім ҚР еңбек заңнамаларына сәйкес қызметінен босатылуы мүмкін.

Мұндай әрекеттер үшін жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылмайды.

5.4.      Өз лауазымдық қызметін атқару (атқармау) кезінде мекемеге келтірген залалы немесе оқу процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары еңбек және (немесе) азаматтық заңнамаларда белгіленген көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.


6. Лауазымы бойынша өзара қарым-қатынас, байланыс

Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:

6.1.      Қырық сағаттық жұмыс аптасына құрылған, мектеп директоры бекіткен кесте бойынша қалыптан тыс жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.

6.2.      Кезекті еңбек демалысына сәйкес келмейтін демалыс кезінде  әкімшілігі тарапынан демалыс басталғанға дейінгі оқу жүктемелерінен аспайтын көлемде педагогикалық, әдістемелік немесе ұйымдық жұмыстарға тартылады. Демалыстағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мұғалім жұмысының графигі   директор бұйрығымен бекітіледі.

6.3.      Белгіленген тәртіпке сәйкес уақытша келмей қалған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары орынын сағат бойынша және тариф бойынша (орын ауыстыру мерзіміне сәйкес) ақы төлеу шартымен ауыстырады.

6.4. Әр оқу жылында, оқу тоқсанында атқаратынын жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспарын мектеп директорына жоспарлаған алғашқы бес күн ішінде бекіттіреді.

6.5. Оқу жылының соңында өзінің атқарған жұмысы бойынша мектеп директорына жазбаша түрде есеп береді.

6.6. Мектеп директорының оқу процесіне байланысты берген тапсырмаларын жазбаша түрде алып, қол қойып танысып орындайды.

6.7.      Әкімшілігінен нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипаттағы материалдарды алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.8.      Әкімшілігімен және педагог қызметкерлерімен өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив