21
май
2019
Дариға жүрек ҰСТАЗ
Дариға жүрек ҰСТАЗ !❤️Тұрсынай Әшірбайқызының өмірден қайтқанына сегіз жыл болыпты. Тау алыстаған сайын биіктей береді екен-ау ! Дариға жүрек дейтін себебім, әдебиет пен өнердің киесін, поэзияның құдіретін, сөздің қадірін білетін ерекше қасиеті. Ал, мәрттігі өз алдына бір төбе!
Өзіне ғана жарасатын, еркелеп те кететін, өкпелеп те қалатын құбылмалы мінезі бар, көзкөргендердің көбіне апай бола білген, айлығын алғанда кезекпен кафе, блиннаяға апаратын нағыз әпке ұстаз еді-ау !
Туыстары мен әріптестері, 2000, 2009, 2012 жылдары мектеп бітірген шәкірттерінің демеуімен 25 мамыр күні сағат 11.30 да қазақ әдебиетінің майталманы, ұлтжанды ұстаз Сейсембина Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ашылуы болады. Құтты болсын ! Бұл игілікті іс бала үшін ! Мектеп мәңгілік қозғалыстың мекені. Осы мекеннен саналы, кеудесінде сәулесі, жүзінде нұры бар шәкірттер өсіп өне берсін! Жанар Түлкібайқызы