03
февраль
2026
«Абайдың 190 жылдығына дайындық» тақырыбындағы макеті
Республикалық Дарын орталығы ұйымдастырған «Менің кіші Отаным» байқауына қатысқан Солтанғазина Анельдің «Абайдың 190 жылдығына дайындық» тақырыбындағы макеті мектеп мұражайына қойылды. Жоба ұлы Абай Құнанбайұлы мұрасын дәріптеуге бағытталған. Макетте мерейтойға арналған іс-шаралар мен дайындық кезеңдері көркем әрі мазмұнды бейнеленген. Бұл жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілетін көрсетіп қана қоймай, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырады. Мұндай жобалар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. 

