МЕКТЕП ӘНҰРАНЫ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2019

МЕКТЕП ӘНҰРАНЫ

Т.Ы.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің ӘНҰРАНЫ

Сөзі: Сәтжан Қасымжанұлы – ақын, журналист
Әні: Жұмабек Қамбаров – драматург, сазгер журналист
Әнді өңдеген: Мұратбек Омаров

Мақтан етіп тарихы мол екенін,
Барша ұрпақ құрметтеген мекенім.
Толқынында шексіз мұхит-білімнің,
Еркін жүзген өзі алып кеменің.
Қайырмасы:
  Ғасырында бір туатын ғаламнан,
  Бұл ұясы талай талант-дарынның.
  Амановпен аты естіліп алысқа,
  Әлемге де әйгілі боп танылған.
Шаңырағы өнер менен ғылымның,
Өлшеміндей өнегелі ғұмырдың.
Жетелейтін болашақтың жолына,
Ұстазынан қасиетті ұғындым.
Қайырмасы:
Алашымның ұлылығын дәріптеп,
Санамызға сіңірген ол бәрін де.
Бұл мектепте ең қымбаты мен үшін – 
Алғашқы рет өзім ашқан әліппе!
Қайырмасы: