27
февраль
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Саз ғұмыр» атты қалалық жас музыканттар байқауында 8 “Ә” сынып оқушысы Исаев Ералы өз дарыны мен өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Ол тыңдармандарды тәнті етіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алып, ІІІ орын және ақшалай сыйлық иеленді. Бұл жетістік — Ералының табанды еңбегі мен музыкаға деген сүйіспеншілігінің жемісі. Жарайсың, Ералы! Біз сенімен мақтанамыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жететініңе сенеміз! Мақсатыңа нық қадам баса бер!
