ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ » Страница 15 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
19
февраль
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Орыс тілі пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасының қалалық кезеңінде І орын иеленген Ардақ Чариповнаны шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Сіздің бұл жеңісіңіз — кәсіби шеберлігіңіздің, табанды еңбегіңіз бен білімге деген адалдығыңыздың лайықты жемісі. Оқушыларға сапалы білім берудегі және олардың болашағына жол сілтеудегі үлесіңіз зор.  Сізге шығармашылық шабыт, мызғымас жігер және жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз! Әрдайым биіктерден көріне беріңіз!   
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсы
18
февраль
2025
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсы
"ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР-2025" облыстық конкурсында 16 мектептің ішінде біздің мектебіміздің директоры Айгүл Уасиловна жүлделі 2-орынға ие болды. Бұл – көшбасшымыздың табысты еңбегінің, жоғары біліктілігінің, жауапкершілігінің және командалық жұмысының жемісі. Осындай үлкен жетістікке жеткені үшін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз! 
Исаев Ералы облыс әкімінің дарынды оқушыларымен кездесуі
25
декабрь
2024
Исаев Ералы облыс әкімінің дарынды оқушыларымен кездесуі
24.12.24 8 “Ә” сынып оқушысы Исаев Ералы облыс әкімінің дарынды оқушыларымен кездесуіне қатысты. Барлық кездесуге қатысқан оқушыларға әкім жылы лебізін білдірді. Еркін форматта өткен шарада балалар өздерінің жетістіктері туралы айтып, идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
21
декабрь
2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Дзюдо күресінен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Абай облысының чемпионатында 66 кг салмақ дәрежесінде Тұрысбек Ержәнібек І орын иеленді. ҚР чемпионатына жолдама алып отыр.  
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
19
декабрь
2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
11 “Ә” сынып оқушысы Ордабаев Ералы Индонезия мемлекетінде Джакарта қаласында өткен әлем чемпионатында аралас жекпе жектен (ММА) 3 орын иеленді. 
«Педагогикалық идеялар фестивалі»конкурсының қалалық кезеңі
28
ноябрь
2024
«Педагогикалық идеялар фестивалі»конкурсының қалалық кезеңі
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңіне 15 педагог қатысып, 8 педагог жүлделі орындарға ие болды. Математика пәні мұғалімі, педагог-модератор Аубакирова Арайлым Сакеновна «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша І орын иеленіп, конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
12
ноябрь
2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығысына қатысушы А.Т.Огизбаевты еске алуға арналған қалалық әскери спорттық жарыста автоматты жартылай бөлшектеп жинаудан жекелей  2-орын иегері №16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББМ,   7 “В” сынып оқушысы Кәкімқызы Балжанды құттықтаймыз. Жетекшісі: запастағы капитан Е.М.Чурчитбаев