Кітапхана » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кітап – ең жақсы дос
28
март
2025
Кітап – ең жақсы дос
Кітап оқу – білімге апарар алтын көпір. 4 «Ә» сынып оқушылары Серікқали Айдар, Дүйсенбек Жібек  демалысты бос уақыт ретінде емес, өздерін дамыту мүмкіндігі ретінде қарастыруда. Балалар түрлі қызықты кітаптарды оқып, шығармалардың мазмұнын талдап, өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісуде. Бұл олардың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін дамытады. 
«Болашаққа кітаппен» атты «READ x» жобасы
06
март
2025
«Болашаққа кітаппен» атты «READ x» жобасы
Облыстық семинар аясында  « Болашаққа кітаппен »  атты  «READ x» жобасы өткізілді.  Жобаның мақсаты:  «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушыларымызды көркем шығармаларды оқып-талқылауға,оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға,рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға жол көрсетті.
“Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы” атты мәнерлеп оқу сайысы
10
февраль
2025
“Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы” атты мәнерлеп оқу сайысы
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 3-4сыныптар арасында “Мұқағали мұрасы-қазақтың қазынасы” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.Белсене қатысқан оқушылар:4 “А”сынып оқушылары Айдарханова Томирис,Мурзанбек Арсен,Көкежанов Жігер,3 “Б”сынып оқушысы Оразғали Нұрсұлтан 
“Тіл жүйріктері” интелектуалдық сайысы
06
февраль
2025
“Тіл жүйріктері” интелектуалдық сайысы
“Цифрлық технология қазақ тілі мен әдебиеті сабағында: креативті идея, үздік нәтиже” тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің аясында 6-сыныптар арасында “Тіл жүйріктері” интелектуалдық сайысы өтті. Нәтижесінде 6 Ә - І орын, 6 А, 6 Б - ІІ орын, 6 В, 6 Г - ІІІ орынға ие болды. Жауапты: Есенова Ж.Е, Абикенова А.Б. 
"Отбасымызбен бірге кітап оқимыз" атты отбасылық оқу күні
14
ноябрь
2024
"Отбасымызбен бірге кітап оқимыз" атты отбасылық оқу күні
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Отбасымызбен бірге кітап оқимыз"атты отбасылық оқу күні ата-аналар арасында өткізілді. Мақсаты: -отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғырту; -оқырмандық қызығушылықты қалыптастыру.
«Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі
22
октябрь
2024
«Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі өтті. Көрменің мақсаты – оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, елін, жерін, Отанын, ана тілін сүюге баулу және патриоттық сезімдерін ояту. Көрмеде Қазақстан тарихы, мәдениеті, ұлы тұлғалары мен халықтың салт-дәстүрлері туралы кітаптар ұсынылды. Әрбір кітап оқушыларға туған жердің бай тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Бұл іс-шара оқушылардың өз елін мақтан
«Кітапхана әлеміне саяхат» атты қойыл
16
октябрь
2024
«Кітапхана әлеміне саяхат» атты қойыл
Кітапханашылар күніне орай мектепте даярлық сынып тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Кітапхана әлеміне саяхат» атты қойылым өтті. Шараның мақсаты – оқушыларды кітапхана әлемімен таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілік пен оқуға деген қызығушылықты арттыру болды. Қойылым барысында балалар кітапхана ережелерімен танысып, кітаптардың адам өміріндегі маңызы туралы қызықты мәліметтер алды. Қойылым түрлі кейіпкерлердің қатысуымен әсерлі әрі көңілді өтті, балалар кітап әлемінің ерекше сырларына үңіліп,
"Балалық шаққа саяхат" повесі оқырмандар конференциясы
12
апрель
2024
"Балалық шаққа саяхат" повесі оқырмандар конференциясы
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған "Балалық шаққа саяхат" повесі бойынша Абай атындағы облыстық кітапханада 6"А" сынып оқушылары оқырмандар конференциясына қатысып өз ойларын ортаға салды
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» көркем шығармасы
19
март
2024
Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» көркем шығармасы
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» челленджінің негізінде 6-сынып оқушыларының арасында оқырмандар конференциясы өтті. Аталмыш конференцияда белгілі жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» көркем шығармасы талданды. Оқушылар шығарма бойынша  өздерінің ойларын білдіріп, өзара пікір алмасты.