7-сыныптар арасында "Ділмар" шешендік өнер сайысы
Қазақстан Республикасының тілдері күніне орай "Көптілділік - кемел болашақ кепілі" айлық жоспарының аясында 7-сыныптар арасында "Ділмар" шешендік өнер сайысы өтті. Сайыста топтар 5 кезең бойынша өз білімдерін ортаға салды. Сайыста топтар әр кезең тапсырмалары бойынша асыл мұрамыз- мақал-мәтелдерді орынды қолдана білу, тұрақты тіркестер мен көнерген сөздердің мағынасын ашып айта білу, тілді құрметтеп шешен сөйлей білу қабілеттерін байқатты.