Материалы за Октябрь 2025 года » Страница 4 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» Материалы за Октябрь 2025 года » Страница 4
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
19
October
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық байқауының аймақтық кезеңінде "Мәдениетаралық сауаттылық" бағыты бойынша 3 орын алған тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Байгельдина М.Т
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
18
October
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жалпы пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен химия секциясы бойынша 9 А сынып оқушылары Кеңесхан Амина мен Серікжанқызы Кәусар жүлделі ІІІ орын алды. Жетекшілері: биология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы М.М.Аканова, химия пәні мұғалімі, педагог-модератор Н.А.Китапбаева. Жүлдегерлер мен жетекшілерді құттықтаймыз!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
18
October
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде қолданбалы математика секциясы бойынша 9 Б сынып оқушысы Арғынғалиева Айару lll орын иеленді. Жетекшісі – математика пәні мұғалімі, педагог-модератор Т.Т.Жүрсінова
"Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық байқауы
17
October
2025
"Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық байқауы
"Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық байқауының аймақтық кезеңінде "Оқу сауаттылығы" бағыты бойынша 3 орын алған бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор Дулатова Ж.Д
Құттықтаймыз!
17
October
2025
Құттықтаймыз!
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінде «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша үздік нәтиже көрсетіп, ІІІ орын иеленген бастауыш сынып мұғалімі Дулатова Жадыра Дәулетқызы өз кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде дәлелдеді. Бұл жетістік – ұстаздың шығармашылық ізденісі мен оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы еңбегінің нәтижесі. Әріптесімізге шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
17
October
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Республикалық жас тарихшылардың"Менің кіші Отаным"сайысының қалалық кезеңінің "Менің өлкемнің символдары" сайысы наминациясы бойынша  "№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"КММ 9 А сынып оқушысы Мейрамханова Дильназ ll-орын, "Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы"наминациясы бойынша ll-орын иегері 9 А сынып оқушысы Кеңесхан Әмина , жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші Токтарова Амангул Токанбековна
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
17
October
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Республикалық жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" сайысының қалалық кезеңінің "Менің кіші Отанымның болашағы: жобалар сайысы" номинациясы бойынша жеңімпазы  "№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 10 А сынып оқушысы Солтанғазина Анель, жетекшісі тарих пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Имангожина Назгул Турсынгазиновна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“Step Into Poetry” атты байқау
17
October
2025
“Step Into Poetry” атты байқау
Ағылшын тілі апталығы аясында 6-сыныптар арасында “Step Into Poetry” атты байқау өткізілді. Бұл шараға 6 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптарының оқушылары белсене қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Қатысушылар сүйікті өлеңдері мен тақпақтарын мәнерлеп оқып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Барлығы 8 оқушы қатысып, олардың арасынан үздіктер анықталды. Жеңімпаздарға І, ІІ және ІІІ дәрежелі орындар беріліп, қалған қатысушыларға грамоталар табысталды. Пән мұғалімдері: Аскаткызы В. Мухаметжанова А.Д
"Ерлік пен еңбек даңқы"музейіне саяхат
16
October
2025
"Ерлік пен еңбек даңқы"музейіне саяхат
Бүгін 2 "Ә" сыныбы қаламыздағы 40 жылдық тарихы бар "Ерлік пен еңбек даңқы"музейіне барды. Бұл музей жастар үшін тек тарихи дерек қоры емес, сонымен қатар тәрбие мектебі. Ол жастар бойында отансүйгіштік, азаматтық,жауапкершілік,еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады. Сынып жетекшісі:Асанова М.О