20
февраль
2019
Робототехника, бағдарламалау, 3 d моделдеу бойынша облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі
2019 жылғы 20, 21 ақпанында Семей қаласының «балалар мен жастар шығармашылығы сарайында» робототехника, бағдарламалау, 3 D модельдеу бойынша облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі өтті. Чемпионатқа 320 оқушы қатысты. Чемпионат Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.
Чемпионаттың өткізілу мақсаты:
Чемпионаттың өткізілу мақсаты:
- Облыс мектептері оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін жандандыру және дамыту үшін жағдай жасау;
- Қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі дамыту үшін жағдай жасау;
- Білім алушыларда нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу және техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- Жоғары технологиялық өндіріс, инновация және инженерлік әзірлемелер саласында оқушылардың мүдделерін ынталандыру
